Орнату пакеттері

Kaspersky Security Center деректер қоймаларына "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының және үшінші тарап бағдарламаларының орнату пакеттерін орналастырады.

Орнату пакеті – бағдарламаны орнатуға қажетті файлдар жиынтығы. Орнату пакетінде орнату процесінің параметрлері және орнатылатын бағдарламаның бастапқы конфигурациясы бар.

Егер сіз клиент құрылғысына қандай да бір бағдарламаны орнатқыңыз келсе, бұл бағдарлама үшін орнату пакетін жасау немесе бұрыннан жасалған орнату пакетін пайдалану қажет. Жасалған орнату пакеттері тізімі Қашықтан орнату консоль ағашы қалтасында, Орнату пакеттері салынған қалтасында сақталады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Орнату пакеттерімен жұмыс істеу

Басына оралу